Ссылки доступа

Қырғызстанда ер адам өзімен қоса әйелін де өртеп жіберген


Оқиға Нарын қаласындағы туристік агенттіктердің бірінде орын алған. 27 жастағы Райымбек кеңсеге келіп, әйелінің әріптестеріне шығып кетуін сұрап, бөлмені іштен құлыптап алады.

Осыдан кейін ол өзімен бірге алып келген бензинді өзіне және әйеліне құйып, өртеп жібереді. Бөлменің ішінен айқайды естіген фирма қызметкерлері есікті сындырып, өртті сөндіреді.

Әйелін өртеген жігіт ауыр халде ауруханада жатыр. Нұргүл бірден жан тәсілім еткен. Марқұмның туыстары әзірге ешқандай түсініктеме бермеді.

Ресми мәлімет бойынша, жапа шеккен екеуі де бірден ауруханаға жеткізілген. Райымбек әлі өзіне келмеген, бірақ оның үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Нарын облысы ішкі істер басқармасының тергеушісі Азамат Мукаев бірден қандай да бір шешім шығару әлі ерте дейді.

- Күйген адамның біреуі қайтыс болды, екіншісі әлі өзіне келген жоқ. Аталған оқиға бойынша Нарын қаласында қылмыстық іс қозғалды. Тергеу қорытындысы бойынша, заңды түрде баға беріледі.

Нарын облысы ауруханасының жан сақтау бөлімінің дәрігері Жыргалбек Аалиевтің айтуынша, әйелін өртеп жіберді деп күдіктелетін Райымбектің денесінің 30 пайызы күйген. Жағдайы ауыр деп бағаланады.

Ерлі-зайыпты жарты жыл бұрын отбасын құрған. Бірақ күзде шаңырақтарының шырқы бұзылған. Ажырасу жөніндегі арыз сотта қаралып жатыр екен. Райымбектің туысы Амангелді ол бірнеше рет әйелімен қайта қосылғысы келді дейді.

XS
SM
MD
LG