Ссылки доступа

Тәжікстан: 94 мың долларға Нива автокөлігі


Тәжікстанның Есеп палатасы өткен жылға аудит жүргізу барысында бюджет қаражатынан 160 миллион сомони ұрланғанын мәлімдеді.

Бұл жөнінде аталған мекеменің басшысы Дилмурод Давлатзода баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Оның сөзінше, ақшаны ұрлау фактісі министрлік, банк және тағы басқа мемлекеттік мекемелерге кіретін 438 құрылымды тексеру барысында анықталған.

Дилмурод Давлатзоданың айтуынша, қылмыстың ең таралған түрі — салықтан жалтару. Одан 74,3 млн сомони шығын келген.

Мемлекетке ауыр шығын әкелген Халықаралық Душанбе әуежайы екен. Әуежай басшылығы өткен жылы 15 млн сомони несие алған. Бірақ аудиторлық тексеру нәтижесінде ол ақша басқа банкке қарызды жабу үшін қайтарылған.

Ал Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі комитет басшылығы бір Нива автокөлігі 93 мың долларға алынды деген есеп берген. Сонымен бірге УАЗ маркалы 2 автокөліктің әрқайсысына 114 мың доллар төленді делінген.

Аудит нәтижесі бойынша 59 қылмыстық іс қозғалған. Бірақ сарапшылар бұл елдегі коррупцияның біз білмейтін шағын бөлігі ғана дейді.

Тәжікстан халықаралық ұйымдардың рейтінгісі бойынша әлемдегі ең жемқор 20 елдің қатарына кіреді.

XS
SM
MD
LG