Ссылки доступа

БҰҰ Ресейді Алеппо аймағын шабуылдауды тоқтатуға шақырды


Франция, Ұлыбритания және олардың БҰҰ қауіпсіздік кеңесіндегі одақтастары Ресейді Сирияның Алеппо провинциясына шабуылдауды тоқтатуға шақырды.

БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесінде Жаңа Зеландия және Испанияның өтініші бойынша жабық есік жағдайында кеңес өткен. Онда Алепподағы гуманитарлық дағдарыс талқыланған. Бұл жөнінде France-Presse агенттігі хабарлайды.

БҰҰ жанындағы Ұлыбритания өкілі Мэтью Рикрофт Ресей Сирия президенті Башар Асад режиміне ықпалын пайдаланып, шабуылдарды тоқтату керек, гуманитарлық көмек жеткізу үшін жағдай жасау керек деп мәлімдеді.
Сонымен бірге АҚШ мемлекеттік департаментінің жоғары лауазымды өкілі Бретт Макгурк Ресейдің әуе шабуылдары "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының позициясын нығайтып жатыр деді.

Соңғы күндері Алеппоға жасалып жатқан шабуылдардан кейін 35 мыңға жуық сириялық үйлерін тастап, босып кетуге мәжбүр болған.

Бүгін Мюнхенде Сирияға қолдау көрсету жөніндегі Халықаралық топтың кездесуі өтеді. Онда АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен 20 елдің сыртқы істер министрлері қатысады. Оның ішінде Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров та бар.

XS
SM
MD
LG