Ссылки доступа

НАТО шығыс қанатты күшейтуді мақұлдады


НАТО-ға мүше елдердің қорғаныс министрлері шығыс қанатты күшейту жөніндегі жоспарды мақұлдады.

Альянстың бас хатшысы Йенс Столтенбергтің сөзінше, Польшадағы және Ресеймен шекаралас одақтас елдердің бөлімдері қорғанысты күшейтеді. Альянс мүшелеріне жасалған шабуыл барлық блокқа жасалған шабуылмен бірдей.

НАТО сонымен бірге қаруландыру мен жаңа инфрақұрылымды құру жөнінде қосымша шаралар қарастырмақ. Бірақ бұл мәселеге қатысты нақты шешім әлі белгісіз. Қарулы күштерді кеңейту бұл НАТО-ның Ресейдің 2014 жылы Қырымды аннексиялауына жауабы болып саналады.

XS
SM
MD
LG