Ссылки доступа

Бердымұхамедов Түркияны негізгі әріптесіміз деп атады


Түркия Түркіменстанның сауда-экономикалық саладағы ең ірі әріптесі болып саналады. Осылай деп Ашхабадта өтіп жатқан Түркия тауарларының көрмесінде ел президенті Гурбангулы Бердымұхамедов мәлімдеді.

Мемлекет басшысының сөзінше, аталған шара екі ағайынды елдің одан әрі ынтымақтастық жасауына жаңа мүмкіндік береді.

«Түркімен-түрік бизнес форумы аясында өтіп жатқан көрме екі елдің сауда-экономикалық әріптестігін кеңейтіп, экспорттық тауарларды өсіруге, шетелдік инвесторларды елге тартуға мүмкіндік береді», — деді президент.

Гурбангулы Бердымұхамедов сонымен бірге түркімен кәсіпкерлерімен тығыз жұмыс істеу нарықтағы өздерінің позицияларын нығайтуға септігін тигізетінін атап өтті.

XS
SM
MD
LG