Ссылки доступа

Бішкектің бұрынғы мэрі Қырғызстаннан уақытша кетеді


Бішкектің бұрынғы әкімі Кубанычбек Кулматов отбасылық жағдайына байланысты елден біраз уақытқа кетеді. Осылай деп оның өзі Бішкекте өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

"Бұл тікелей маған байланысты. Мен біраз уақытқа елден кетуім керек", - деді Кулматов. Оның сөзінше, қызметінен кетуінің басты себебі де сол.

Ол өзінің істеген жұмыстарына есеп бере келіп, жақсы жетістіктерге жеткенін де атап өтті.

Кулматов елге қайтып келгеннен кейін қандай қызмет атқаратынымды әлі білмеймін деді.

Еске сала кетейік, Кулматов 9 ақпанда қызметінен өз еркімен кету жөнінде арыз жазған. Ол Бішкек қаласының әкімі болып 2014 жылдың 15 қаңтарында сайланды.

XS
SM
MD
LG