Ссылки доступа

Өзбекстанда металл өткізу азаматтардың міндетіне кірді


Мирзачул ауданының хокимияты аудандардағы орта мектеп оқушыларына он тонна мен отыз тонна аралығында металл жинауды тапсырды.

Аты-жөнін құпия сақтауды жөн көрген Мирзачул ауданындағы мектеп директорларының бірі аудан әкімінің барлық мектеп басшылығына металл жинап, тапсыруды бұйырғанын айтты.

– Шыны керек, бұл жұмыс біздің өзімізді шаршатты. Бізге металл жинауды міндеттеді. Тіптен білім беру департаменті мектептегі білім жайында сұрамайды, металл жайында сұрайды. Қазір біз мектеп емес, металл жинаушы мекеме сияқтымыз, - дейді мектеп директоры.

Өзбекстанда мектеп оқушылары мен жоғары оқу орны студенттеріне металл жинауды тапсыру бірінші рет емес. Өзбекстан үкіметінің металл жинау жөніндегі қаулысы мектеп мұғалімдеріне "артылған".

XS
SM
MD
LG