Ссылки доступа

Лондонда олигархтар тұратын жерге экскурсия жасай бастады (Видео)


В Лондоне начали проводить экскурсии "по местам олигархов"
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:48 0:00

Лондонда журналистерге арнап олигархтардың зәулім үйін көрсететін арнайы экскурсия өтті.

Байлардың үйіне саяхат жасаушыларға Ресейдің вице-премьері Игорь Шуваловтың пәтерін көрсетті. Үйдің құны оның жылдық табысынан жүз есе асып түседі. Ал Лондондағы ең қымбат пәтер украиндық Ринат Ахметовке тиесілі екен. Hyde Park көшесіндегі №1 пентхаус 136 миллион фунт стерлинг тұрады. Үй арнайы оқ өтпейтін терезелермен жабдықталған, төтенше жағдайда жан сақтайтын жертөлесі де бар.

Belgrave Square көшесіндегі бірнеше миллион фунт стерлингке бағаланатын №5 үйдің иесі ресейлік магнат Олег Дерипасқа тиесілі екен. Форбс оны "Путиннің сүйікті өнеркәсіп қожасы" деп атап, жалпы жағдайын 2 миллиардтан астам долларға бағалаған.

Лондондағы Челси деп аталатын ең дәулеттілер ауданындағы 3 миллион 300 мың фунт стерлингке бағаланатын үйдің қожайыны Роман Роттенберг екен. Оның әкесі Путиннің сенімді ескі достарының бірі деп саналады. Бірақ ол миллиондаған дәулетін заңды түрде, өз еңбегіммен таптым дейді.

Лондон метросының бұрынғы станциясы мен үлкен ғимарат Дмитрий Фирташтыкі. Ол Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичтің серігі. Ол қазір Австрияда тұрып жатыр. АҚШ оны жемқорлыққа қатысты экстрадициялауын талап етеді.

(Видеоның түп нұсқасын ұсына аламыз)

XS
SM
MD
LG