Ссылки доступа

Қырғызстанның ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге жеңіл несие беріледі


Ел үкіметі ауыл шаруашылығы үшін несие беру шарттарын жеңілдетеді. Бұл туралы премьер-министр Темир Сариев көктемгі егіс жұмыстарына дайындықты талқыланған Жоғорку Кенештің отырысында мәлімдеді.

2016 жылдың басынан бері пайыздық үстемеақысы 10%-ды құрайтын несиені қайтару мерзімі 2 ден 3 жылға созылған. Бұдан бөлек, қырғыз-ресейлік даму қорынан 12%-бен несие берілмек.

«2016 жылы несие көлемін 12 миллиард сомға жеткізу көзделген. 100 мың сомға дейінгі несиелер кепілсіз беріледі.», — деді Сариев.

2015 жылы 9 мың 980 шаруашылыққа 3,8 миллиард сом несие бөлінген. 2011 жылдан бері 51 мыңнан астам ауыл шауашылығы өнімін өндірушіге 13 миллиард сом қарызға берілді.

XS
SM
MD
LG