Ссылки доступа

АҚШ-та ғалымдар ғылымға жаңа серпін беретін гравитациялық толқындарды тапты


Құрама Штатта ғалымда екі қара құрдымның соғылысуынан пайда болатын гравитациялық толқындарды тапқан. Бұл құбылысты бір ғасыр бұрын Альберт Эйнштейн болжап кеткен еді.

Әлем ғалымдарының қызығушылығын оятқан жаңалық ғарышты зерттеудің жаңа тәсілдерін ашады және гравитацияны тереңірек түсінуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

"Осы күнге дейін көзімізбен көкке тесіле қарап тұрып, ондағы музыканы естімей келдік", – дейді Колумбия университетінің астрофизигі Сабольч Марка. Ол гравитациялық толқындарды тапқан ғалымдардың бірі. Оның айтуынша бұл толқындар ғарыштың саундтрегі іспетті.

Астрофизиктердің халықаралық тобы құны 1,1 миллиард доллар тұратын өте сезімтал құралдарды пайдаланады. Мұндай жабдықтар Құрама Штаттарда екі жерде бар және олар Жерден 1,3 миллиард жарық жылына тең қашықтықта соқтығысқан екі қара құрдымнан туған гравитациялық толқындарды анықтауға мүмкіндік береді.

1916 жылы Эйнштейн болжап кеткен гравитациялық толқындар – уақыт-кеңістіктегі дірілге, бұлдырға ұқсайды және біздің санамыздың түсінуі қиын төртінші өлшем боп табылады.

XS
SM
MD
LG