Ссылки доступа

Сирияны қолдау тобы бітім туралы мәмілеге келді


БҰҰ, Еуроодақ және араб елдері Лигасының өкілдері кіретін бас-аяғы он сегіз елден тұратын Сирияны қолдау тобының мүшелері Сирияда бір аптадан соң бітімге келу туралы келісімді мақұлдады.

Бұл туралы жұмаға қараған түні, Мюнхенде жүрген АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри хабарлады. Ол бес жарым сағат бойы Ресей, Иран, Түркия, Сауд Арабиясы мен өзге елдердегі әріптестерімен келіссөз жүргізді.

Керри үкіметтік немесе оппозиция күштерінің қоршауында қалған сириялық қалалар мен ауылдардағы жүздеген мың тұрғынға гуманитарлық көмек жеткізуді тездету және оны кең көлемде жүргізу бойынша да мәмілеге қол жеткенін айтты.

Ресейлік сыртқы істер министрі Лавровтың сөзінше, АҚШ пен Ресей жетекшілік ететін топ бір апта ішінде бітімге келудің жөн-жосығын анықтайды. Алайда, америкалық ақпарат құралдары сілтеме жасаған сарапшылар келісімді жүзеге асыруды бастаудың мерзімін созу, Ресей қолдап отырған сириялық үкімет әскеріне көтерілісшілердің шептерін шабуылдауға қолайлы екенін тұрғанын айтады. Вашингтон келісімнің бірден күшіне енгенін қалаған еді. Мәскеу бітімге келу мерзімін 1 наурыздан бастағысы келген.

Оқ атуды тоқтату туралы келісімнің жүзеге асуы Сирияны қолдау тобы мүшелерінің қақтығысып отырған екі тарапты қол жеткен шарттарды сақтауға қаншалықты көндіре алатынына байланысты.

XS
SM
MD
LG