Ссылки доступа

Қырғызстан бас прокуратурасы: 2015 жылы жемқорлық бойынша 905 іс қозғалды


Бұл туралы бас прокуратураның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және заңдардың орындалуын қадағалау басқармасының бастығы Азамат Ибраимов мәлімдеді.

Оның сөзінше, соттар 857 адамға қатысты жемқорлық бойынша 568 қылмыстық істі қараған. 435 лауазымды тұлғаға айыптау үкімі шыққан.

Ибраимов мұндай қылмыстардың көбіне бюджет қаржысын пайдалану, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағын тескеру кезінде анықталатынын айтты.

XS
SM
MD
LG