Ссылки доступа

Өзбекстанда бір топ адам ИМ-мен байланысы үшін айыпталуда


Өзбекстанның Ферғана облысының бір топ тумасы «Ислам мемлекеті» экстремистік тобымен байланыста болды деп айыпталуда.

Сох ауданының Тул, Калача және Газнов ауылының 12 тұрғыны өткен аптада Ресейден оралған бетінде ұсталған. Облыстық полиция әзірге ешқандай түсініктеме бермей отыр.

Азаттықтың өзбек редакциясы бүгін жергілікті құқық қорғаушының мәліметіне сілтеме жасай отырып, тергеу барысында ұсталғандардың біразы кінәларын мойындағаны туралы хабарлады. Тергеу орындары 26 жастағы айыпталушылар Ресей аумағында радикалды топтардың азғыруына түскен деп санайды.

Өзбекстанда Ресейден оралған еңбек мигранттарын тұтқындау мен тергеп-тексеру жиілеп кетті. Жергілікті құқық қорғаушылардың мәліметінше, Ташкент облысында өткен жылдың қазанынан қарашасына дейін ИМ-ге қатысы бар деген күдікпен Ресейден қайтқан 200 еңбек мигранты тұтқындалған. Желтоқсан айында Ферғана облысында 18 бен 30 жас аралығындағы бір топ ер адам экстремизм айыбымен түрлі мерзімге сотталды.

XS
SM
MD
LG