Ссылки доступа

Ресей премьері Сириядағы құрлық операциясына қарсы шықты


РФ премьер-министрі Дмитрий Медведев Сириядағы құрлық операциясын ұзаққа созылатын жаппай соғысқа айналатыны туралы мәлімдеді.

«Еуроньюс» арнасына берген сұхбатында Медведев жаңа соғыстың ешкімге қажет еместігіне назар аударды.

Мәскеу Башар Асад режимін қолдауын жалғастыра бере ме деген сұраққа премьер Ресей бұл саясаткердің жеке басын емес, Башар Асадқа дейін қалыптасқан Сирия мемлекетімен достық қарым-қатынасты қолдайтынын айтып жауап берді.

Соңғы күндері ресейлік премьер елдің сыртқы саясаты, экономика мәселелері жөнінде бірнеше мәлімдеме жасап үлгерді. Ол сонымен бірге, 12-14 ақпан аралығында Мюнхенде өткен қауіпсіздік мәселелері жөніндегі халықаралық конференцияға да қатысты. Мюнхен конференциясында Медведев НАТО елдері мен Ресейдің қазіргі қарым-қатынасын жаңа «қырғи-қабақ» соғыстың басталуы деп сипаттады.

XS
SM
MD
LG