Ссылки доступа

Қырғызстан ауылдарының бірінде оқушылар киіз үйде оқып жатыр


Ош облысы Қарасу ауданының Кожокелен  ауылында балалар қыс кезінде киіз үйде сабақ оқуға мәжбүр.

Ауыл мектебі құлаудың алдында тұрғандықтан, былтыр ақпанда жабылып қалған. Содан бері 300 бала бір партаға 4 адамнан бөлініп бірнеше киіз үйде тығылысып оқуда.

Ауыл басшысы Нурмамат Үсенов жаңа мектеп құрылысы қаржы тапшылығынан тоқтап қалған. Жалпы құны 52 миллион сомды құрайтын 225 орындық мектеп құрылысының 8 миллион сомы ғана игерілген.

XS
SM
MD
LG