Ссылки доступа

Ақша айырбастаушы Дубайға 800000 $ аударғаны үшін ұсталды


Тәжікстанның ішкі істер министрлігі Душанбе қаласының 25 жастағы тұрғыны заңсыз шетелдік валюта операциясын жүргізді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Құзырлы орган мәліметінше, күдікті Душанбе қаласындағы ақша айырбастау нүктелерінің бірінде лицензиясыз аса ірі көлемде заңсыз түрде шетел валютасын айырбастау, банк қызметін көрсету операцияларымен айналысқан. Тергеу орындары ұсталған азаматтың 2015 жылы 12 желтоқсаннан 2016 жылғы 21 қаңтар аралығында азаматтардан 800000 АҚШ долларын алып, қаржыны БАӘ Дубай қаласындағы шотқа аударғанын, сонымен бірге Дубайдан Душанбеге қайтадан 200 000 АҚШ долларын аударғанын хабарлады. Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Бұған дейін Тәжікстанның ұлттық банкі заңсыз валюта айырбастауды қатаң жазалауды ұсынған болатын. Жаза ретінде 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу қарастырылуда.

XS
SM
MD
LG