Ссылки доступа

Өзбекстанда алкоголь сатып алу үшін төлқұжат көрсету керек


Спиртті ішімдік сатушылар 20 жастан кіші көрінетін сатып алушылардан төлқұжатарын көрсетуді сұрауға міндетті.

Мұндай нұсқауды Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі дайындап шығарды. Министрлік төлқұжаты жоқ болған жағдайда 20 жастан жас көрінетін тұлғаларға спирттік ішімдік сатпауды міндеттеді.

Одан бөлек Өзбекстан алкоголь мен темекі өнімдерін сауда автоматтары арқылы сатуға тыйым салды. Өзбек денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері бұл шаралар жастарды спиртті ішімдіктер мен темекіден қорғау мақсатында қолға алынған.

XS
SM
MD
LG