Ссылки доступа

Түркіменстан екінші ғарыштық жер серігін ұшыруды көздейді


Түркіменстан екінші ұлттық жасанды жер серігін жасап жатыр.

Бұл туралы ел үкіметінің хабарламасына сілтеме жасап, «Хроника Туркменистана» басылымы хабарлады.

Жоба министрлер кабинетінде талқыланған. Мемлекет басшысы бұл бағыттағы жұмысқа мұқият көңіл бөліп, егжей-тегжейіне дейін зерттеуді тапсырған. Алғашқы TürkmenÄlem 52°E жер серігі 2015 жылы 28 сәуірде Канаверал мүйісінен (Флорида штаты, АҚШ) ұшырылды.

2015 жылдың қазанында президент Бердімұхаммедов тұңғыш жер серігінің қолданылуына көңілі толмай, ғарыш кеңістігіне ұлттық жасанды жер серігін ұшыруға көп қаржы жұмсалғанымен, оның әлеуетінің толық пайдаланылмай отырғаны туралы мәлімдеген еді.

XS
SM
MD
LG