Ссылки доступа

Еуропа Надежда Савченконың бостандығы үшін аштық жариялай бастады


Еуропалық депутаттардың қолдауымен өтіп жатқан акцияға Еуропаның кез-келген тұрғыны кез-келген жерден бір-екі күнге, тіптен бірнеше сағаттарға қосылуға болады.

Бүгін Еуропаның бірқатар елдерінде "Надежда Савченкоға бостандық – біз аштық жариялаймыз" деген акция басталды. Еуропа Кеңесі депутаттарының бастамасын әлемуеттік желі қолданушылары мен азаматтық белсенділер бірден қолдап әкетті.

Ең бастысы біздің үнімізді Надежда Савченкоға жеткізу, оның жалғыз еместігін білдіру,-дейді чехиялық депутат Кристина Зеленкова. Өзге де саяси тұтқындардың тағдырына назар аудартуды көздейтін акция ақпан айының соңына дейін жалғасады.

Чехияда аштық акциясына бірнеше адам қатысып жатыр. Күн сайын олардың саны өсіп келеді.

Ресей украиналық әскери қызметкер Надежда Савченконы екі журналисті өлтірді деп айыптайды. Надежда Савченконың өзі бұл айыптарды жоққа шығарады. Ол бұл сәтте өзін сепаратистердің ұстап, Ресейге алып кеткенін айтады. Желтоқсан айының ортасында Савченконың сотын 16 сәуірге дейін ұзартты. Ол қарсылық ретінде былтыр жаздан бері үш рет аштық жариялады.

XS
SM
MD
LG