Ссылки доступа

Комсомол түлегі Ислам Каримов ССРО кезіндегі жастар ұйымы сатқындарды тәрбиеледі деді


Өзбекстанның балалар спортын дамыту қорының қамқоршылық кеңесінде ел президенті Ислам Каримов ССРО кезеңіндегі жастар ұйымын сынға алды.

"Бұл советтік жүйе пионер, комсомолдың жарғыларымен барлығының басын қатырды. Комсомолдан бірде-бір лидер шықпағанын айтқым келеді. Олардың ішінен бүгінгі біздің қажеттілігімізді орындауға дайын бірде-бір адам шықпады. Бұл ұйымдар көбінесе сатқындарды дайындады", - деп мәлімдеді өзбек президенті.

Айта кету керек, Ислам Каримовтің өзі мектепте пионер болып, мойнына қызыл галстук байлады. Комсомолға өтіп, Лениннің суреті бар қызыл жұлдызшаны төс белгісінен ешқашан тастаған емес. Каримов Коммунистік партияның мүшесі болған кезде, оған Лениннің суреті бар мүшелік билет берген.

Каримов сонымен бірге кеңесте әлеуметтік желіні пайдаланатын жастардың саны өсіп бара жатқанын, ол жастарды «үлкен қайғыға душан еткізеді» деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG