Ссылки доступа

Сұрау нәтижесі бойынша ресейліктер елде дағдарыс деп жауап берген


"Левада-центр" тәуелсіз зерттеу ұйымының сұрауы бойынша, 80 пайыздан астам ресейлік елде экономикалық дағдарыс деп жауап берген.

Өткен аптада жарияланған зерттеудің қорытындысы бойынша, жауап бергендердің 21 пайызы экономикалық дағдарыс бірнеше жылға созылады десе, 23 пайызы кемінде екі жылға созылады деген.

47 пайызы дағдарыстың себебі мұнайдың бағасының төмендеуінен деген, ал 33 пайызы коррупциядан көреді, 27 пайызы — Батыстың санкциясынан десе, 26 пайызы қарулы күштерге ақшаның көп бөліп жатқанымен және бюрократиямен түсіндіреді.

Сұрауға жауап бергендердің көбі азық-түлікке шығынды азайтқандарын айтқан.

XS
SM
MD
LG