Ссылки доступа

Сот президентті сотқа берген журналист арызын қанағаттандырмады


Бішкектің Бірінші май аудандық соты журналист Дайырбек Орунбековтің президент Алмазбек Атамбаевты сотқа берген өтінішін қанағаттандырмады.

Орунбеков арызында өзінің атына айтылған сөздерді терістеу жөнінде және моралдық шығын есебінде 1 сом өтемақы төлеуді талап еткен.

Журналист енді Бішкектің қалалық сотына апелляциялық шағым түсірмекші.

2015 жылдың желтоқсан айында президент Алмазбек Атамбаев баспасөз мәслихаты кезінде өзін "батпаққа батырған" журналисті ешқашан кешірмейтінін айтқан. Оның сөзінше, Орунбеков арнайы тапсырыспен, шындыққа сәйкес келмейтін мақала жазған.

Еске сала кетейік, журналист Дайырбек Орунбеков президентке моральдық шығын ретінде екі миллион сом көлемінде өтемақы төлеуі тиіс. Мұндай шешімді 2015 жылдың маусым айында Аламудун аудандық соты шығарған.

Журналист өзінің кезекті бір мақаласында президент Алмазбек Атамбаев пен оның уақытша үкіметін сынап, олардың әрекеті 2010 жылғы маусым оқиғасына сепбепші болды деп жазған.

Ал журналист Орунбеков өзіне қатысты шағымды саяси шешім деп бағалайды.

XS
SM
MD
LG