Ссылки доступа

"Өзбекнаво" әртістерді "ұятсыз" Тамиланы қорғаудан бас тартуға шақырды


"Өзбекнаво" эстрадалық бірлестігі әлеуметтік желілерде әнші Тамиланы қорғап жатқан өзбек әртістерін сынға алды.

"Өзбекнаво" экстрадалық бірлестігінің лицензия бөлімінің басшысы Одил Абдукаххоров еліндегі жас әншілер Лола Юлдашева мен Азиза Низамованы Instagramе парақшаларында әнші Тамиланы (Эсмеральда Рахматова) қорғағанын сынға алды.

​Абдукаххоров "Өзбекнаво" басшылығы әртістердің ар-ұятына қатысты арнайы шара қолданамыз деп мәлімдеді.

Оның сөзінше, таяу арада өзбек әртістерінің басын жинап жиналыс өткізбекші.

Еске сала кетейік, 6 ақпанда Тамила әлеуметтік желілерге өзіне қатысты жарияланып кеткен видеоның фотошоп екенін, ал Қазақстанға көшіп кетті деген сөз шындыққа сәйкес келмейтінін жазған болатын.

"Өзбекнаво" Өзбекстанның эстрада әншілеріне, жүргізушілерге, бишілерге, концертті ұйымдастырушыларға лицензия береді. Бүгінде республика бойынша 2751 лицензия берілген.

XS
SM
MD
LG