Ссылки доступа

Колледж студенттерін металл өткізуге мәжбүрлеуде


Қарақалпақстанда Әмудария ауданының халыққа тұрмыстық қызмет көрсету кәсіптік-техникалық колледжінің оқушыларына он күн ішінде 30 келі металл өткізу немесе 10мың сум төлеу міндеттелген.

Оқушылардың айтуынша, колледж басшылығы металл өткізбегендерді өндірістік тәжірибеге жібермейтінін хабарлаған. Металлды колледждің барлық 400 оқушысы өткізу керек. Алайда қарақалпақ студенттері иесіз металлды қайдан аларын білмей дал.

Әмудария аудандық хокимиятындағы (әкімдік) дереккөз ауданда орта мектеп оқушыларына да металл жинау нормасын орындау жүктелгенін хабарлады.

– Аудан хокимі (әкім) барлық ұйымға осындай тапсырма берді. Металлды кәсіпорын жұмысшылары да, балалар да жинауы тиіс. Ауданда темір-терсекті күндіз шаммен таппайсың. Бірақ жерден шұқыса да металл табу керек. Металл таппағандар ақша өткізуге міндетті, - дейді ол.

Бұған дейін Орталық Азияның Жаңалықтар қызметі Өзбекстанда ел үкіметінің металл жинау туралы қаулысын орындау мұғалімдер мен мектеп, колледж оқушыларының, сонымен бірге дәрігерлер мен медбикелердің мойнына жүктелгені туралы хабарлаған еді.

Соңғы кездері Өзбекстанда баласы балабақшаға баратын ата-аналарды да мемлекетке металл тапсыруға міндеттеп қойған.

XS
SM
MD
LG