Ссылки доступа

Тәжікстан референдумға дайындалуда


Тәжікстан Конституциясына өзгерістер енгізу туралы жалпыхалықтық референдум өткізу үшін елде 68 сайлау бөлімшесі ұйымдастырылады.

Тәжікстан парламентінің төменгі палатасы – Маджлисинамояндагон депутаттары жалпыхалықтық референдум өтетін күн ретінде 2016 жылдың 22 мамырын белгіледі.

Парламент спикері Шукурджон Зухуров дауыс беру бюллетенінде «ел Конституциясына енгізілген түзетулер мен өзгертулерді қабылдайсыз ба?» деген бір сұрақ болатынын хабарлады.

41 бөліктен тұратын жобада 65-ші баптың бесінші тармағына "осы баптың төртінші тармағында қарастырылған шектеулердің бейбітшілік пен ұлттық бірлікті қалыптастырушы – ұлт Көшбасшысына қатысы жоқ. Бейбітшілік пен ұлттық бірлікті қалыптастырушы – ұлт Көшбасшысын құқықтық мәртебесі мен өкілетін конституциялық заң белгілейді" дейтін түзету енгізу қарастырылған.

Елді 1992 жылдан бері басқарып келе жатқан Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қолданыстағы Конституция талаптарына сәйкес 2020 жылғы сайлауға қатыса алмайды, дегенмен ұсынылған түзетулер қабылданса, ол өзін үміткер ретінде шексіз ұсыну құқығына ие болады.

XS
SM
MD
LG