Ссылки доступа

Элизабет Тұрсынбаева қола медаль жеңіп алды


Норвегияның Лиллехаммерінде өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиадада қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева қола жүлдеге ие болды.

Негізгі бағдарламасын орындағаны үшін Тұрсынбаева 108,77 ұпай жинады. Оның алдында қысқа бағдарламада көрсеткен өнері үшін 59,11 ұпай алған жас спортшының жалпы көрсеткіші 167,88 ұпай болды.

Олимпиада алтыны мен күмісін ресейлік Полина Цурская (186,04) мен Марина Сотсковалар (169,50) жеңіп алды.

Бұл Лиллехаммер ойындарында Қазақстан қоржынына түскен екінші медаль. Бұған дейін алты шақырымдық спринтте биатлоншы Арина Пантова да қола медаль алған еді. Лиллехаммер Олимпиадасы 21 ақпанда жабылады.

XS
SM
MD
LG