Ссылки доступа

Қырғыз түрмелерінде сақал мен мұрт қоюға тыйым салынды


Қырғызстанның жазаны орындау мемлекеттік мекемесі түрмелерде сақал мен мұрт өсіруге қатаң тыйым салынғанын мәлімдеді. Талапты бұзғандарды күштеп алғызады делінген. Құқық қорғаушылар мұны адам құқығын бұзу деп есептейді.

Жергілікті құқыққорғаушылардың бірі абақтыларда жазасын өтеушілердің сақалдарын күштеп алғызады деп дабыл қақты. Мұндай тәжірибе былтыр сотталушылар қашып кеткен №50 жазасын өтеу мекемесіне енгізілген. Кейін барлық түрмелерде де қолданыла бастады.

Ал жазаны орындау мемлекеттік мекемесі болса, ережені қатайту заңды бұзушылық емес дейді.

"Алдын біз сотталушыларға арнайы киім беріп, жағдай жасай алмадық. Қазір қосымша қаржыландырылып жатыр. Біз арнайы сотталушыларға арналған киім беріп, олардың қырынуын талап етіп жатырмыз. Бұл ешқандай заңға қайшы келмейді. Керісінше, заң талаптарының орындалуын қадағалап жатырмыз",— деді баспасөз хатшы Элеонора Сабатарова.

Қырғызстанда түрмелер радикалды идеяларды таратушы басты орын деген ақпарат кең тараған. Бірқатар сарапшылардың пікірі бойынша, колония мен түрмелерде әдетте радикалды идеялар мен қылмыс өкілдерін өсіреді.

Жазаны орындау мекемесі мен Қырғызстан мұсылмандарының рухани басқармасы арнайы мекемелердегі радикалдылыққа бірігіп қарсы тұру жөнінде мәлімдеме жасаған. Мүфтият әр жұма сайын жазасын өтеу мекемелеріне уағыз айту үшін имамдарды жіберіп тұруды қолға алған.

XS
SM
MD
LG