Ссылки доступа

Ташкентте шынар ағашын кескендерге қарсылық білдіріп көшеге шықты (фото, видео)


Ташкент қаласы 8-шағын ауданының тұрғындары көп қабатты үйдің есік алдында өсіп тұрған кәрі шынар ағаштарын жұлушыларға наразылық ретінде көшеге шықты.

60 жылдан бері өсіп тұрған шынар ағаштарын кесіп, оның орнына көлік тұрағын салу жөніндегі жергілікті биліктің шешімі тұрғындардың наразылығын білдірді. Жалпы 182 түп кәрі шынар ағашын кесуді бұйырған екен.

Әлеуметтік желілер арқылы ағашты кесіп жатқан видео интернет қолданушылардың да наразылығын туғызған.

Fergananews.com сайтында шынар ағашын кесуге наразылық білдірген адамдардың видеосы жарық көрді. Ағаштарды кесуді тоқтатуды талап еткен хат жазылып, оған 300 адам қол қойған. Алайда ташкенттік журналист Сида Янишевтің жазуынша, бұл наразылықтар қаланың көркін келтіріп тұрған шынарды балталаушыларға әсер етпеген.

XS
SM
MD
LG