Ссылки доступа

Стамбулде Умарали Кувватовтың өліміне қатысты тыңдау өтті


Стамбул соты "24-топ" лидері Умарали Кувватовтың өліміне қатысты басты екі куәгерді тыңдады.

Атышулы оқиғаға байланысты басты куәгер Сухроб Тураев сотта тәжік оппозиционерін өлтіруді жоспарлаған деп Сулаймон Каюмовты атады. Мемлекеттік айыптаушының болжамы бойынша, Каюмов өткен жылы 5 наурызда Кувватов отбасын үйіне қонаққа шақырады. Дастархан үстінде оның жағдайы кенеттен нашарлап кетеді. Кувватов үйден шығып кетеді. Бірақ көшеде оның басына оқ атады. Куәгер Каюмов дастарханнан дәм татпады дейді.

Стамбулдағы прокуратураның өкілі сотта Умарали Кувватов тәжік билігінің қудалауынан кейін Түркия аумағына қашып кетуіне тура келді деді. Қылмыстық іске қатысы бар деп тағы басқа Тәжікстанның бес адамының аты-жөні айтылады.

Тәжікстанның Жоғарғы сотының шешімі бойынша “24 топтың" әрекеті заңсыз деп табылған. Оның ондаған мүшесіне әртүрлі мерзімге сот үкімі шығарылған.

XS
SM
MD
LG