Ссылки доступа

Қырғызстанда дін қызметшісін дайындайтын колледж ашылмақшы


Қырғызстанда дін қызметшісін дайындайтын мамандандырылған теологиялық колледж ашпақшы.

Бұл жөнінде Дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссияның директоры Орозбек Молдалиев ел президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесу барысында айтты.

Діни білім беру жөнінде реформаға байланысты Молдалиев колледжде қызметшілерге діннің тарихын, діни мәдениетті оқытатын болады дейді.

Атамбаев елдегі діни жағдайға әрі қарай мониторинг жүргізіп отырудың маңыздылығын айтты. Сонымен бірге діни білім беруде жан-жақты жұмыстың маңыздылығын да атап өтті.

Еске сала кетейік, елде 2015 жылдың жазынан бастап "Ыйман" рухани мәдени даму қоры діни қызметшілерге ай сайын 5 мыңнан 15 мың сомға дейін сыйақы тағайындайды.

XS
SM
MD
LG