Ссылки доступа

УЕФА ресейлік футболиске қатысты зерттеуді бастады


Еуропалық футбол одағы ассоциациясы (УЕФА) мәскеулік "Локомотив" командасының футболисі Дмитрии Тарасовтың іш киімін көрсетуіне қатысты зерттеу жүргізе бастады.

Тарасов 16 ақпанда Стамбулда өткен турік "Фенербахче" командасымен кездесуден кейін, ойын жейдесін шешіп, Ресей президенті Владимир Путиннің суретімен "Ең сыпайы президент" деген жазуы бар іш киімін көпшілікке жариялаған.

Ұйымның баспасөз қызметі іс 17 наурызда қаралатынын айтты. Тарасов көпшілікке іш киімін көрсетіп, әдепсіздік танытты деп айыпталуда.

"Ойыншылар саяси, діни және жеке ұранмен әртүрлі суреттермен іш киімдерін көрсетпеуі тиіс", – делінген УЕФА хабарламасында.

УЕФА тәртібі бойынша футболист кем дегенде 10 және одан да көп ойынға қатыстырылмайды.

"Локомотив" футбол клубы Тарасовтың әрекетін жақтамайды, УЕФА-ның ұстанымын қолдайды. Клуб мәлімдемесінде "Локомотив" қызметкерлері оқиғаның алдын ала алмағанын, себебі футболист өзінің жоспарын ешкімге бөліспегенін айтады.

Еуропа лигасының 1/8 финалында 2:0 есеп бойынша, түрік командасының жеңісімен аяқталды.

XS
SM
MD
LG