Ссылки доступа

Бурылдағы күдіктінің отбасы ауылдан көшірілді деп хабарланды (видео)


Жамбыл облысы прокуратурасының өкілі Байзақ ауданындағы Бурыл ауылының 17 ақпанда наразылық жиынын өткізген тұрғындарына адам өліміне қатысты күдіктінің отбасы "ауылдан көшірілгенін", "жәбірленуші жаққа моральдық-материалдық шығынын өтеп беру талабының орындалғанын" айтты.

Жамбыл облыстық түрік диаспорасының өкілі Дуниядар Абдуллаев халық наразылығына түрткі болған қылмыстық оқиғаға қатысты қылмысқа кінәліге ең ауыр жаза беру керек деді.

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылында 17 ақпанда кешке қарай жүздеген адам жиналып, осының алдында болған толқу кезінде қамалған азаматтарды босатуды талап еткен. Бурыл тұрғындарының толқуына осы ауылда кішкентай ұл баланың кісі қолынан қаза табуы түрткі болған. Кейін қастандық жасаушы күдіктінің этникалық түрік екені хабарланды. Қазір Бурылды арнайы әскер қоршауға алып тұр.

Ресми ақпарат бойынша, Тараз қаласынан жеті шақырымдай жердегі Бурыл ауылындағы тоғыз мыңға жуық тұрғын халықтың шамамен 30 пайызын этникалық түріктер құрайды, қалған 70 пайызы қазақ.

Село Бурыл: 17 февраля
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:46 0:00

XS
SM
MD
LG