Ссылки доступа

Меркель:Сирияда ұшуға тыйым салынған кеңістік құру қажет


Германия канцлері Ангела Меркель Сириядағы гуманитарлық жағдайды дұрыс қалыпқа келтіру үшін және бейбіт тұрғындарды қорғау мақсатында Сирияның әуе кеңістігінде ұшуға тыйым салынған аймақ құруды ұсынды.

Бундестагтағы баяндамасында Меркель Сириядағы содырлармен соғысып жатқан коалиция мүшелерін сириялық үкімет әскері және қарулы оппозиция өкілдерімен осындай келісімге келуге шақырды.

Сәрсенбі күні Түркия президенті Реджеп Ердоған түрік шекарасының аумағында оқ атқанына жауап ретінде сириялық күрдтердің қарулы жасақтарының шебін атқылауын тоқтатпайтынын мәлімдеді.

Ердоған Сириялық күрдтердің демократиялық одақ партиясының қарулы топтары ресейлік әуе шабуылдарын пайдалана отырып, Асадтың қарсыластарының шептерін жаулап алуда деп санайды.

Ердоған ресейлік шабуылдардың Сирия қақтығысын саяси жолмен шешуге кедергі келтіргенін айтып, халықаралық қауымдастықты Мәскеу мен сириялық президент Башар Асадқа қарсы тұруға шақырды.

XS
SM
MD
LG