Ссылки доступа

VimpelCom Гүлнәр Каримоваға пара бергенін мойындауға дайын


Uzbekistan - Picture for Gulnara Karimova's alleged involvement in billion dollar telecom bribery

Uzbekistan - Picture for Gulnara Karimova's alleged involvement in billion dollar telecom bribery

VimpelCom (ТМ Beeline) халықаралық телекоммуникация компаниясы өзінің Өзбекстандағы жұмысына қатысты жемқорлық тексеруді тоқтатудың өтеуі үшін айыппұл төлеуге дайын екенін мәлімдеді.

Бермуд аралдарында тіркелген және штаб-пәтері Голландияда орналасқан компанияың қаржы есебінде VimpelCom АҚШ-тың құнды қағаздар мен биржалар жөніндегі Комиссиясымен, АҚШ әділет министрлігі және Голландияның Бас прокуратураасымен осындай алдын-ала келісімге келгені туралы хабарланған.

АҚШ пен Голландия тергеу орындары негізгі акционерлері норвегиялық Telenor және ресейлік Altimo компаниялары боп табылатын VimpelCom-нан Өзбекстан президентінің үлкен қызы Гүлнәр Каримоваға ірі көлемде пара берді деп күдіктенеді.

17 ақпан күні жарияланған VimpelCom-ның жылдық есебінде «компанияның Өзбекстандағы бизнесі және оның Takilant Ltd. компаниясымен бұрынғы келісімдеріне қатысты тергеу» туралы айтылады. Takilant Ltd. фирмасы Гүлнәр Каримованың құрбысы және "оң қолы" Гаяна Авакянға тиесілі.

Компания есебінде: «АҚШ-тың құнды қағаздар мен биржалар жөніндегі Комиссиясымен, АҚШ әділет министрлігі және Голландияның Бас прокуратурасымен қол жеткен алдын-ала келісімге сәйкес, компания мен оның бірқатар филиалы АҚШ-тың шетелдегі жемқорлық әрекеті туралы Заңын және осындай голландиялық заңдарды бұзғанын мойындайды, соған орай АҚШ пен Нидерландының құзырлы органдарына айыппұл төлеуге әзір.Бұл ақшаның сомасы бұған дейін жемқорлық ісі туралы тергеу шығындары үшін алдын-ала бөлініп қойған сомадан аспайды», — делінеді.

Былтыр қарашада VimpelCom "өзбек ісі" бойынша айыппұл төлеуі мүмкін екенін ескеріп 900 миллион доллар дайындап қойғанын хабарлаған еді.

Өзбекстанның мобильді баланыс нарығына шыққан VimpelCom Ltd., МТС және швед-фин компаниясы TeliaSoneraға қатысты жемқорлық дауы 2012 туды. Америкалық және еуропалық құқық қорғау органдары аталған компаниялар осы елде жұмыс істеу үшін Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы 1 миллиард АҚШ доллары көлемінде пара берді деген күдікпен тергеу амалдарын бастаған еді.

XS
SM
MD
LG