Ссылки доступа

Қырғыз билігі тәжік азаматтарына өз елдерінің төлқұжатын ұсынады


Қырғызстанмен шекаралас тәжік ауылы тұрғындары көрші елдің билігі жеңіл жолмен қырғыз азаматтығын алуды ұсынып жатыр дейді.

Бұл ұсыныстар шекараны демаркациялау процесіне байланысты туындап жатқан дауға байланысты.

Бободжон Гафуров ауданының тұрғыны Абдухолик Абдуллоев Қырғызстан азаматтығын алғаннан кейін өзінің жер учаскесіне жол ашылғанын айтады. Ал Исфари ауданының жамағат төрағасының орынбасары Абдухалил Шарифовтың сөзінше, өзі тұратын ауылдың тұрғындары қырғыз билігінің ұсынысынан бас тартқан.

Қырғызстанның Баткен облысы Ләйлек ауданының өкілі Азаттық радиосына (тәжік қызметі) берген сұхбатта азаматтық алу мәселесі жерді тұрақты қолданғысы келетіндерге байланысты екенін айтты. Ол “тәжіктер біздің егінді алқапта жұмыс істеуге ынталы. Сол себептен біз олардың заңды түрле жұмыс істегендерін қалаймыз”,-дейді.

970 шақырымды алып жатқан Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасының тек 519 шақырымы ғана ресми бекітілген. Ал қалған жерлері әлі күнге дейін даулы күйінде қалып тұр.

XS
SM
MD
LG