Ссылки доступа

Танымал брендтер түркімен мақтасынан бас тартып жатыр


Еуропадағы ірі H&M швед компаниясы түркімен мақтасынан бас тартты. Негізгі себебі — Түркіменстан мақта алқабында бала еңбегін пайдалануы.

Компания бұл мәселеге қатысты ресми мәлімдеме жасады. Онда H&M-мен жұмыс істейтін барлық жеткізуші компаниялар Түркіменстаннан мақта сатып алуды доғарулары қажет, олай болмаған жағдайда, әріптестіктен бас тартады делінген.

Сирия мақтасына да тыйым салынған. Ал өзбек мақтасынан Adidas, Puma және Levi Strauss компанияларымен бірге 2012 жылы бас тартқан. Кейін бұларға IKEA, Walmart, Marks&Spencer мен Tesco қосылды.

Орталық Азияның "ақ алтынынан" бас тартуға үндеп жатқан үкіметтік емес ұйымдар шведтің IKEA брендін де түркімен мақтасынан бас тартуға шақырады.

"Мақта кампаниясы" (Cotton Campaign) — мақта алқабындағы бала еңбегін бақылайтын үкіметтік емес ұйымдардың бірі. Олар Ашхабад жыл сайын мақта теру науқаны кезінде ондаған мың азаматты мәжбүрлі түрде алқапқа "жегеді" дейді.

XS
SM
MD
LG