Ссылки доступа

Қырғызстанда журналиске жасалған шабуылды тергеу бақылауға алынды


Президент Алмазбек Атамбаев журналист Турат Акимовқа жасалған шабуылды ашуды жеке бақылауына алды.

Ішкі істер министрі Мелис Тұрғанбаевқа бұзақыларды тез арада ұстап, жан-жақты тергеу өткізу және кінәлілерді жазаға тартуға қатысты жедел іс-қимылдарды ұйымдастыру тапсырылды.

«Деньги и власть» газетінің бас редакторы Турат Акимовқа белгісіз біреулер 20 ақпанда Бішкекте шабуыл жасаған еді. Оның айтуынша, оқиға өзі көлігін аулаға қоюға беттегенде болған. Жәбір көрген журналист: «Басымнан темір затпен ұрды. шынашағым сынды. Бұл жай ғана жасалған шабуыл емес, олар мені өлтірмекші болды.мен мұны жұмысыммен байланыстырамын», - деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG