Ссылки доступа

Қырғыз шенеуніктері балаларының тәтті өмірі


Олардың ата-анасы жариялықтан қашса, балалары әлеуметтік желіде байлықтарымен мақтанудан қысылмайды.

Қырғызстан кеден қызметі төрағасының орынбасары Райымбек Матраимовтың ұлы Сингапурдағы ең арзан бөлмесі тәулігіне 600 доллар тұратын қонақүйдің бассейнінде, құны 43 мың доллар тұратын Hublot швейцар сағатымен суретке түседі. Басқа суреттерде оқушы баланың Ұлыбритания мен Дубайдағы қымбат футбол мектептерінде жаттығып жатқан сәттері көрсетілген.

Қырғыз шенеуніктерінің балалары байлықтарын көрсетуден қымсынбайды. "Райым-миллион" деген лақап атқа ие Райымбек Матраимовтың өзі сұхбат бермейді және журналистермен тілдесуден қашады.

Басқа да кедендік шенеуніктердің балалары- Инстаграм жұлдыздары. "Северная" теміржол кедені бастығының орынбасары Қадыр Кенешовтің қызының 16 мың оқырманы тіркелген. Оның суреттерінде Дольче және Габбананың киімдерін, тыйым салынған арнайы белгілері бар Мерседес, БМВ көліктерін көруге болады.

Әлеуметтік желілерге Қырғызстанның милиция шенеуніктерінің балалары да құмар. Ішкі істер министрінің орынбасары Курсан Асановтың Массачусетс университетінде оқитын қызы мен ұлы Бостонда өмір сүру үшін жылына 50 мың долларға жуық ақша жұмсауға мәжбүр екендерін айтады.Оның ішінде 30 мыңы оқуға кетеді және Асановтың генералдық жалақысы бұған жетпейтіні түсінікті.

Қырғыз құқық қорғаушылары Қырғызстанның ІІМ және Прокуратруасының кадрлық қызмет бөлімі тәуелсіз болған жағдайда, мұндай суреттерден соң тергеу істерін бастап, қырғыздың "алтын" жастары қандай ақшаны шашып жүргенін анықтар еді деген ойда. Алайда күні бүгінге дейінғъ, шенеуніктердің ресми жария табысы мен олардың шын мәніндегі байлығының арасы жер мен көктей.

XS
SM
MD
LG