Ссылки доступа

Талибтерге қашқаны үшін 17 жыл түрме жазасы


Бүгін Тәжікстанның әскери-гарнизон соты шекарашы сарбаз Фатхулло Файзуллозоданы 17 жылға түрме жазасына кесті.

Соттың шешімі бойынша, ол әскери қызметі барысында Ауғанстанмен арадағы шекарадан өтіп, "Талибан" қозғалысы қатарына қосылмақшы болған.

Куляб гарнизонының әскери прокуратурасы сот ісі жабық есік жағдайында өткенін, сарбаздың кінәсы толық мойындалды деп хабарлады.

Тәжікстанның 2133-әскери бөлімінде қызмет етіп жүрген Исфар қаласы, Мулдон ауылының тұрғыны тәжік-ауған шекарасын кесіп өткеннен кейін, ол Ауғанстанның шекара полициясы тарабынан ұсталған. Кейін ол Тәжікстанға қайтарылады.

Тергеу ісі сарбаздың Ауғанстанда бірнеше жылдан бері тұратын ағасының кеңесі бойынша Ауғанстанға қарай қашқанын нақтылайды. Фатхулло Файзуллозода тергеу барысында алдын “Ансорулло” экстремистік ұйымында болғанын мойындаған делінеді. Ауған полициясына Фатхулло өзінің елінде діни кітап оқып, құдайға жалбарынуға рұқсат бермейтінін айтқан екен.

XS
SM
MD
LG