Ссылки доступа

Қытайда өлім жазасына кесілген қырғыз әйелінің денесі еліне жеткізілді


20 ақпанда Үрімшіде есірткі тасымалы үшін өлім жазасына кесілген Светлана Күлбаеваның денесі Бішкекке жеткізілді.

Бұл жөнінде сыртқы істер министрлігі хабарлайды.

Марқұмның денесі республика үкіметінің көмегімен жеткізіліп, ұлына берілген.

Светлана Күлбаеваға 4 ақпанда Үрімшіде улы ине салу арқылы өлім жазасын орындаған. Ол 2010 жылдың күзінде жүк тауарынан 7 килограмм есірткі табылып, ұсталған.

Алдын дәл осындай жазаға 51 жастағы Тәжікстан азаматы Хасан Юсуфов та тартылған еді. Оның денесі Душанбеге Үрімшіден 3 ақпан күні жеткізілген.

XS
SM
MD
LG