Ссылки доступа

Өзбек мектептеріндегі мәжбүрлі түрде гинекологиялық тексеру


Өзбекстанның Хорезм облысында 6-9 сыныптағы қыз балаларды жаппай гинекологиялық тексеруден өткізіп жатыр.

Ургенч қаласындағы №9 орта мектептің мұғалімі жаппай гинекологиялық тексеру Хорезм облысы халықтық білім беру басқармасының нұсқауы бойынша жүргізіліп жатқанын айтты.

– Олар бізге оқушыларды тексеруден өткізу үшін емханаға ертіп әкелуді бұйырды. Біз оларды топ-топқа бөліп жіберіп жатырмыз. Оларға ультрадыбыстық зерттеу жүргізіп жатыр, – деді Ургенч қаласының мұғалімі.

Қандай мақсатпен оқушыларды гинекологиялық тексеруден өткізіп жатыр деген сұраққа мұғалім "оқушылардың денсаулығын тексеру үшін" деп жауап берді.

Алайда оқушылардың ата-аналары мұндай тексерулерге қарсы екенін, әрі өздерінің рұқсатын алмағанын айтады.

Ургенч қаласының тұрғыны Норжонның мектеп жасындағы үш қызы бар. Ол "Озодлик" радиосына (Азаттықтың өзбек қызметі) гинекологиялық тексерулер кәмелеттік жасқа толмаған қыз балалардың жүкті болып қалудан алдын-алу үшін жүргізілгенін айтқан.

XS
SM
MD
LG