Ссылки доступа

Сирияда 27 ақпаннан бастап зорлық-зомбылық тоқтатылуы тиіс


Ресей мен АҚШ 27 ақпаннан бастап Сирияда зорлық-зомбылықтың тыйылуын көздейтін келісімге қол жеткізгендерін мәлімдеді.

Екі елдің ортақ мәлімдемесінде бітімнің "Ислам мемлекеті" және "әл-Қаидамен" байланысы бар "әл-Нуср майданы" секілді БҰҰ террорлық деп таныған өзге де ұйымдарға қатысы жоқтығы айтылды.

26 ақпан күні түс кезінде жауласушы тараптар оқ атуды тоқтатуды қолдайтын-қолдамайтындарын білдірулері керек.

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун келісімді "көптен күткен үміттің белгісі" деп атап, жауласқандарды тезірек татуласуға шақырды. Ресей президенті Владимир Путин бұл келісім Сириядағы қанды қырғынды тоқтатудың нақты қадамы ғана емес, террормен күрестің мысалы болатыны туралы мәлімдеді. Ақ үй келісімге қол жеткізудің өте қиын болатынын, алайдаа бұл жаңа мүмкіндіктер беретіндіктен АҚШ бар күшін сарп ететінін жария етті.

XS
SM
MD
LG