Ссылки доступа

ІІМ журналистің сөздерін жоққа шығарады


«Деньги и власть» басылымының бас редакторы Турат Акимовтың 20 ақпанда өзіне жасалған шабуылға ІІМ министрі Мелис Тұрғанбаевтың қатысы болуы мүмкін деген мәлімдемесі шындыққа жанаспайды.

Бұл туралы ІІМ баспасөз хатшысы Бакыт Сеитов хабарлады. Турат Акимов бұл күдігіне ешқандай дәәлел келтірмегенімен, егер өзіне немесе отбасына бірдеңе болса, интернетке бұған дейін ІІМ министрі Мелис Тұрганбаев және оның көмешісімен арадағы жазылған әңгімені жариялайтынын хабарлады.

Бақыт Сеитов Турат Акимов пен Мелис Тұрғанбаевтың 18 ақпанда журналистің өтінішімен кездескенін мәлімдеді. Кездесу барысында шетелден келуге тиісті бір адам туралы әңгіме болған. Алайда шетелдік қонақпен кездесу болмай қалған.

Естеріңізге сала кетейік, 20 ақпанда Бішкек қаласында көлігін ауласына қойып жатқан «Деньги и власть» басылымының бас редакторы, саясаттанушы Турат Акимовқа белгісіз біреулер шабуыл жасаған еді.

Басынан темірмен ұрған әлдекімдердің әрекетін журналист өзін өлтірмек болды деп бағалады. Бұл оқиға бойынша «Бұзақылық» бабымен іс қозғалды. Тергеуді Бішкек қаласы Первомай аудандық ІІБ жүргізгенімен, журналистің өзі оны МҰҚК бақылауына алуы керек деп санайды.

XS
SM
MD
LG