Ссылки доступа

Өзбекстан бала тағамына ГМО қосуға тыйым салады


Өзбекстанда биыл генетикалық өзгеріске ұшыраған ағзалар бар өнімдерді елге әкелу мен тұтынуға шектеу қойылады.

22 ақпанда ел президенті Ислам Каримовтың осындай шараларды көздейтін жарлығы жарияланды.

СА-News ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Өзбекстан президенті Ислам Каримов 9 ақпанда «Дені сау ана мен бала жылы» мемлекеттік бағдарламасын бекіткен. Ол бойынша «Тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы» заңға балалар тағамында ГМО қолдануға тыйым салатын өзгерістер енгізіледі.

Өзбекстан үкіметі заңға генетикалық түрі өзгеріске ұшыраған ағзалар қосылған азық-түлікті елге әкелу мен тұтынуды шектейтін түзетулер қабылдауды ойластыруда.

ГМО адам ағзасына зор зиянын тигізеді. мұндай өнім қан айналымы мен қан түзілуін бұзады. Гендік өзгеріске ұшыраған өнімдерді жиі тұтынатындар онкологиялық дертке көбірек шалдығады. ГМО-ның тағы бір қауіпі, адам ағзасына дәрі-дәрмек әсер етуден қалады. Яғни, гендік өзгеріске ұшыраған ағза қосылған өнімдерді тұтынатын адамды кез-келген аурудан емдеп алу өте қиынға соғады.

XS
SM
MD
LG