Ссылки доступа

Керри Сирия келісімдерінің орындалуында туындайтын қиындықтарды ескертті


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Сириядағы соғысты тоқтатуға қатысты нақты келісімге қол жеткізгендеріне разы екенін мәлімдеді.

Керри барлық тарапты шарт талаптарын орындауға шақырды деп хабарлайды АҚШ мемлекеттік департаментінің арнайы мәлімдемесінде.

Егер бағдарлама толыққанды жүзеге асса, қантөгіс тоқтап қана қоймай, зорлық-зомбылықтың азайуына әкеледі. Гуманитарлық көмекті дер кезінде жеткізуге жол ашылады. Сирия халқы қалайтындай, үкіметтің саяси ауысуына мүмкіндік туады делінген мәлімдемеде.

Керри сонымен бірге келіссөздің орындалуына қатысты болашақта болатын жағдайларды да алдын-ала ескертті. "Барлық тараптар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2254-қарарын толық орындауға міндеттеме алып, бір-бірлеріне шабуыл жасауды тоқтату керек, сонымен бірге әуе шабуылдарын да доғаруға тиіс", - деп мәлімдеді Керри.

XS
SM
MD
LG