Ссылки доступа

Халық арасында "Гитлер" атанып кеткен шенеунік қамауға алынды


Ташкент облысының бұрынғы әкімі Ахмаджон Усмановқа қарсы қылмыстық іс қозғалуына байланысты ол уақытша қамауға алынды.

"Озодликтың" (Азаттық радиосының өзбек қызметі) құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзіне қарағанда, Ташкент облысының бұрынғы әкімі Ахмаджон Усманов 21 ақпанда, жексенбі күні ұсталған. Дүйсенбі күні таңертең оны Ұлттық қауіпсіздік комитетінде (ҰҚК) тергеуге алған.

​Генерал Ахмаджон Усмановтың ісімен жақсы таныс Өзбекстанның бұрынғы шенеунігі оған қарсы қылмыстық іс ақпан айының ортасында қозғалғанын, қазір ол куәгер ретінде немесе күдікті ретінде тергеліп жатқанын айтты. "Оны кінәлы деп айыптауға асықпаңдар", – дейді Ахмаджон Усмановтың жақын танысы, бұрынғы шенеунік.

Еске сала кетейік, 4 ақпанда Ташкент облысының әкімі болған Ахмаджон Усмановты қызметінен алғаннан кейін, баспасөзде оған қарсы кампания басталды. Ресми ақпарат құралдары Өзбекстан президенті Ислам Каримовтің бұрынғы әкімнің атына айтылған "халықтың үмітін ақтай алмады, жаңа жұмыс орындарын аша алмады" деген сындарын жариялады.

Ахмаджон Усманов соңғы үш айда қызметінен қуылған екінші шенеунік. 2015 жылдың қараша айында Ислам Каримов Наманган облысының әкімі Бахадыр Юсуповты қызметінен алған болатын.

XS
SM
MD
LG