Ссылки доступа

«Ұлт көшбасшысы» атындағы бақ


Тәжік президенті Эмомали Рахмонның құрметіне «Пешвои миллат» («ұлт Көшбасшысы») деп аталған алып жеміс бағы Хатлон облысы Хорасан ауданында отырғызылмақ.

23 ақпанда президенттің қатысуымен болашақ бақтың алғашқы көшеттері - алма отырғызу болды. 160 гектар жерді алатын бақта мыңдаған жеміс ағашы өседі.

«Ұлт Көшбасшысы» бағы «Асадулло» фермерлік шаруашылығының аумағында орналасқан. Оның жұмысшылары алты жыл ішінде 1700 гектар жерге жүзім және жеміс ағаштарын егіпті.

Тәжік билігінің қарсыластары президент атындағы бақтың пайда болуы елдегі жеке басқа табынушылықтың тағы бір белгісі деп атайды.

Тәжікстанда мұндай жеке басқа табынушылық кең тараған сипат алуда. Былтырғы жылдың соңында Душанбеде 30 тәжік ақынының Эмомали Рахмонға арнаған мадақ жырларының «Пешво» («Көшбасшы») деп аталатын жинағы жарық көрді.

Эмомали Рахмон келердің алдында кез-келген өңірдің шенеунігі кішкентай балаларға дейін, президентке мадақ жыр немесе алғыс айтуға мәжбүрлейтіні туралы ақпар бар. Президенттің алдында бәрі қолдарын жүрек тұсына қойып тұрулары керек. Куәгерлердің айтуынша, Эмомали Рахмон келерден көп бұрын жететін арнайы топ президентті қалай қарсы алу керектігін үйрететін көрінеді.

XS
SM
MD
LG