Ссылки доступа

Қырғызстанда дін оқытушылары аттестациядан өтеді


Бүгін Қырғызстанда Аттестациялау науқаны басталады.

Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының жаңа жарғысына сәйкес, діни оқу орындарының оқытушылары мен басшылары жоғары зайырлы білімге ие болуы тиіс.

Қырғызстанда 10 діни жоғары оқу орны мен 92 медресе тіркелген. Дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссия директорының орынбасары Бақытбек Осмонов діни оқу орындары басшыларының көпшілігі аттестацияға жіберілмегенін хабарлады. Себебі, олардың басым бөлігі зайырлы білім алмаған, ондайлардың саны 92 пайызға жетеді. Бұдан бөлек құжаттарын өткізген 483 оқытушының 42-сі аттестациядан өтуге жарамсыз танылды.

Қырғызстан бас мүфтиінің орынбасары Замир ажы Кариев аттестацияны дін білім деңгейін көтеру үшін, медресе беделін өсіру мақсатында жүргізіп отырғандарын мәлімдеді.

- Қазір радикализм және экстремизм кең тарауда. Біз алдын алу шараларын қабылдап жатырмыз. Көптеген азаматымыз Сирияға кетіп қалды. Мұның бәрі білімсіздіктен және өзін бақылаудың жоқтығынан болып жатыр.

Қырғызстанда дін саласы бойынша мемлекеттік саясаттың Тұжырымдамасы қабылданған. Президент Алмазбек Атамбаев әсіре исламшылдық пен діни фанатизмге қарсы екенін талай мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG