Ссылки доступа

АҚШ Гуантанамо түрмесін жабады


АҚШ президенті Барак Обама Конгресс мүшелерін өзінің Гуантанамо түрмесін жабуға қатысты жоспарын қолдауға шақырды.

Ақ үйдегі мәлімдемесінде президент бұл мәселені өзінің ізбасарына шешілмеген түйткіл ретінде қалдырғысы келмейтінін айтты. Обама биліктен 2017 жылдың қаңтарында кетеді.

Пентагонның жоспары бойынша 35 түрме тұтқыны өзге ел үкіметтерінің қолына беріледі; қалған 60 шақтысын АҚШ аумағындағы түрмелерге жөнелтпек. Петагон бұған қажет мемлекеттік шығын 475 миллион долларға жетуі мүмкін деп есептейді.

Кубаның америкалық базасындағы Гуантанамо түрмесін жабуға Обама 2008 жылғы сайлау алдында уәде еткен еді. Алайда заң шығарушы орган өкілдері тұтқындардың америкалық түрмелерге ауысуына қарсы болды. Бұл түрмеде террорға қатысы бар деп айыпталғандар ұсталады.

XS
SM
MD
LG