Ссылки доступа

Тәжік "Платоны" мультфильм шығарды


Tajikistan -- car, weight, IRS, raod, 14.10.2014

Tajikistan -- car, weight, IRS, raod, 14.10.2014

Тәжікстандағы жалғыз ақылы жолдың иесі - "Innovative Road Solutions"компаниясы ел тұрғындарына автокөлік жолын пайдаланғаны үшін ақы төлеудің қажеттігін түсіндіретін мультфильм шығарды.

Мультфильмде автокөлікте келе жатқан атасы мен немересінің әңгімесі көрсетіледі. Тәжікстандағы жолдардың сапасы туралы айтатын атасы тегін жолдар мен ақылы трассалардың айырмашылықтарын көрсетеді.

"Жолға не үшін төлеуіміз керек?" деген сұраққа ақсақал байсалды дауыспен: "Мұндай ақы әлемнің барлық елінде бар. Бұл ақша жол жөндеуге жұмсалады. соның арқасында елдегі жолдар халықаралық стандартқа сай болмақ", - деп жауап береді.

Виргиния аралдарында тіркелген Innovative Road Solutions (IRS) компаниясы Deutsche Welle мәліметінше, тәжік президентінің қызы Озода Рахмонның күйеі Джамолиддин Нуралиевке тиесілі.

IRS Тәжікстандағы жалғыз ақылы жол - ел астанасын солтүстік бөлігімен байланыстыратын және Өзбекстанға апаратын Душанбе-Чанак автокөлік жолының иесі боп табылады. "Бірлік жолы" деп аталатын бұл жолдың тағы бір ерекшелігі: оның тегін баламасы жоқ.

XS
SM
MD
LG